Ахмет Күләш Садыққызы 1958 жылы 23 қарашада Қызылорда обылысының Жаңақорған ауданындағы Жаңақорған посьелкесінде дүниеге келген. 1976 жылы орта мектепті бітіріп, 1980 жылға дейін аудандық комсомол комитетінде статист қызметін атқарған. 1980 жылы С.М. Киров атындағы мемлекеттік университеттің дайындық бөліміне қабылданып 1981 жылы филология факультетіне түскен. 1988 жылы университетті тәмәмдап Қызылорда қаласындағы политехникумда Қазақ әдебиетінен дәріс берген. 1989 жылы С.М. Киров атындағы университеттің филология факультетінің ғылыми кеңесінде “Сәкен Сейфуллиннің” “Тар жол, тайғақ кешу романындағы” тарихи шындық (1927 жылғы басылымы бойынша) деген тақырыпта ғылыми зерттеу еңбегін бекітіп 1995 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1995 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде оқытушы. 2000 жылы факультет ғылыми кеңесінің шешімімен “Сәбит Мұқанов- қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші” деген докторлық диссертациясының тақырыбын бекітіп 2010 жылы қорғаған. 2009 жылы филология факультетіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Мемлекеттік аттестациялық кеңестің мүшесі болды. 2011 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетте МАК төрайымы болды. 2013 жылғы магистратура «6M020500 – Филология» мамандығы бойынша филология факультетіндегі МАК мүшесі. К.С.Ахметтің жетекшілігімен студенттер белсенді түрде пәндік олимпиадаға, халықаралық және республикалық конференция, ғылыми жобаларға қатысып, 1,2 орындарға ие болып жүр. 2011 жылы және 2013 жылы Омиргали И., Минайхан С. «Ғылым әлемі» ғылыми-практикалық халықаралық конференциядан 1 орынға ие болды. 2011 жылы Акеева А. «Қазақстан мемлекетті Жоғары оқу орындарындағы студенттердің ең ғылыми-зерттеу жұмыстары» жарысынан 3 орынға ие болды. Соңғы бес жыл аралығында К.С.Ахмет жетекшілігімен 50 бітіру жұмысы қорғалды, 3 магистрге жетекшілік етті. Оның қаламынан 100-ден астам ғылыми-зерттеу мақалалар жарияланған. Республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысқан. «Әдебиетші әлемі» «Сәбит Мұқанов – алаш әдебиетін зерттеуші» атты оқу құралының авторы. «Сәбит Мұқанов. Әдеби-ғылыми ғұмырнама» және “Тар жол, тайғақ кешудің тағдыры” атты монографиялары жарық көрді. ҚР БжҒМ «2013 жылдың үздік оқытушысы» грантының иегері.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
1988

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
Кандидат
Филологические науки
29.06.1995
Доктор
Филологические науки
13.01.2012

Ученое звание

Наименование ученого звания
Дата присвоения
Доцент
27.12.2011
Интересы

Документы автора

0

Цитирования
0 по 0

документам

h-индекс

0